Әлем
Норвегия Ханшайымы Марта Луиза өзінің корольдік міндеттерінен бас тартты деп хабарлайды, Bugin.kz порталы BBC басылымына сілтеме жасап.
Сайт мәліметінше, ханшайымның корольдік міндеттерден бас тартуына негізгі себеп - күйеуінің дәстүрлі ем бизнесі. Оның жары Дурек Верретт өзін 6-шы буын бақсымын деп таныстырады. Сондай-ақ өліп, қайта тірілгенін және көп дүниені болжағанын айтады.
Ресми міндеттерден бас тартқанымен, ханшайым өз атағын сақтайды. Енді күйеуімен бірге дәстүрлі ем бизнесін өркендетуге кіріседі.